|
с. М.Шаханов ә. Е.Хасанғалиев Өзің едің тірегім де Жыр боп тұндың жүрегімде Мені сендей түсінетін Кім бар екен бұл өмірде?! Күн туса да толқымалы Толқымалы, шалқымалы Сен ешқашан өзгертпедің Пікіріңді мен туралы Әнін әнге жалғасын деп Келеді арман алға сүйреп Менің кемем өрге жүзсе Сен қуандың алғаш рет Астына алып қанатыңның Нұрын шаштың жан отыңның Мен мұңайған кезеңдерде Қасымда ылғый сен отырдың Саған мәңгі борыштармын Көңіліме қоныстандың Азаматтық ажарыңа Мақтау айтсам намыстандың Жарқын қушақ жайған, айым Сеніміңе сай болайын Маған сенген жүрегіңнің Дүрсілінен айналайын |
|
с. Қ.Мырзалиев
ә. Б.Жұманиязов Белгілі есімің Бауырмал ағасың Көңілдің есігін Күй болып қағасың Қашанда жақсыға Құшағың жаясын Аязда - ақ шуақ Аптапта - саясын Аязда - ақ шуақ Аптапта - саясын Тулайды жүрегің Тасытып қаныңды Жұрт үшін жүресің Қинап-ақ жаныңды Біреудің қайғысын Қайғыңдай көресің Халықтың алғысын Гүліндей тересің Халықтың алғысын Гүліндей тересің Кең көңіл даладай Бересін қол ұшын Бір туған ағадай Сыйлаймыз сол үшін! Жақсылық кезінде Жырға да сымбат қой Бұл өмір өзіңдей Жандармен қымбат қой Бұл өмір өзіңдей Жандармен қымбат қой |
|
с.,ә. М.Шаханов
Өтті зырлап, заулап балғын күн, өтті жылдар ағылып Кеттің, жаным, асау тағдырдың тізгініне бағынып Қимасым боп неге қалмадың, неге алмадың ойыңа Әйтеуір сен асыл арманым, шақырмадың тойыңа Оған, жаным, өкпелемеймін, кінәм да жоқ артатын Махаббатты жырға бөлеймін, бізді ілгері тартатын Арманыңның гүлін аңсаумен, сағынудан шаршама Тілектеспін саған, жан сәулем, жолың басқа болса да Алматы тұр жайып құшағын, әсем қала бұл қала Ертең сенен алыс ұшамын, қарамашы мұңдана Сырттай жалғап арман тілегін саулығымды сұраған Бұл қалада бар деп білемін, маған сенген бір адам |
|
с. А.Асылбеков
ә. Е.Хасанғалиев Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда? Шақырады арман ару - май да Қызғалдақты көктемім боп жайна Аңсағаным Өзің деп білем Өмірімнің гүлі Асқарымда Өзің деп білем Көңілімнің күні Аспанымда Ақ дидарың ұқсап туған айға Келші, құрбым, құшағыңды жай да Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра Аңсағаным "Асыл арман" деп шырқалды әнің Арманыңның сезіп жүрмін бәрін Арайланып атар алтын таңың Аңсағаным Өзің деп білем Өмірімнің гүлі Асқарымда Өзің деп білем Көңілімнің күні Жас жанымда Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным Кеудемде бір алаулайды жалын Бір өзіңе арналады әнім Аңсағаным |
|
с. С.Жиенбаев
ә. Д.Ботпаев Дамылдап өзендер де Күн батып, күн шығады Мен үшін көзіңді ілмей Анашым, жүрсің әлі, жүрсің бе әлі? Дүние құлпырады Боялып дала нұрға Сонда да мен тұрамын Өзіңнің жанарыңда Сағымға тербетіліп Шықтың сен қанша қырға Шаршады жел де, тынып Анашым, шаршадың ба? Шаршадың ба? Дүние құлпырады Боялып дала нұрға Сонда да мен тұрамын Өзіңнің жанарыңда Жайнаған балғын гүлмен Жан-анам - жасыл бағым Өзіңмен жаным бірге Мәңгілік қасыңдамын Дүние құлпырады Боялып дала нұрға Сонда да мен тұрамын Өзіңнің жанарыңда |
|
с. Ә.Дүйсенбиев
ә. Ә.Бейсеуов Ел жатқанда жатпаған Мен деп тыным таппаған Бақыты үшін баланың Аман-сау жүр ақ мамам Күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен Өзің маған мият-күн Сен деп таңым жиі атты Ақ маманың айқайы Айналайын сияқты Күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен Қуат беріп құшағың Қанат бітіп ұшамын Естіртемін алып кеп Ел білмейтін құс әнін Күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен Көрсетемін күллі елді Жарық етем түндерді Өсіріп мен сыйлаймын Жұрт көрмеген гүлдерді Күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен |
|
с. А.Асылбеков
ә. М.Өзбеков Өмірдің бақтарында Қарлығаштар қалықтайды Көңілді шақтарында Сайраңдаудан жалықпайды Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар Көшеде бара жатсаң Кезідегі қарсы алдыңнан Қиылған қара қастар Көркіменен тамсандырған Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар Тұтатып үміттерді Салқындықты жолатпайды Қуантып жігіттерді Бақыт болып қонақтайды Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар |
|
с. Б.Тәжібаев
ә. Е.Хасанғалиев Қайда жүрсем, туған жерім Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім Көз алдымда тұрармысың! Ғашық едім қыр гүліне Қызық-тойым сенде өтеді Сенде өткерген бір күніме Дүниеде не жетеді! Сүйем таныс жолдарыңды Саған бастап әкелетін Сүйем жасыл талдарыңды Жанға ләззат әперетін Сүйем айна көлдеріңді Мөлдіреумен қарайтұғын Сүйем белес-белдеріңді Таң сәулесі тарайтұғын Саған жырдан - сый арнағам Қиял құсын қуған жерім Туған жерін сүйе алмаған Сүйе алар ма туған елін! Ауылымнан аттанарда Алтын аймақ ән салады Жол тынымсыз тартқан алға Жүрегімді нұр шалады |
|
с.,ә. Б.Тәжібаев
Күндіз-түні бір тынбай Дала кезген шапқылап Құмар едім өзіңе Бала кезден, Ақбұлақ Әнге бөлеп маңайды Асып-тасып жатасын Ақ моншақтан аспанға Шашу шашып жатасың Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған Айналайын, Ақбұлақ Асыр салғам жағаңда Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба! Арудайын еркелеп Мың бұралған, Ақбұлақ Айдын көктен ғышық боп Күнді ұрлаған, Ақбұлақ Сен болмасаң қыр гүлі Ашылмайды, Ақбұлақ Саған деген құмарым Басылмайды, Ақбұлақ Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған Айналайын, Ақбұлақ Асыр салғам жағаңда Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба! Шексіз жатқан жерімді Сүйіп келіп жатасың Бойындағы барыңды Үйіп беріп жатасың Тынбай кезсем даламның Атырабын, Ақбұлақ Тұнығыңа ойымды Батырамын, Ақбұлақ Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған Айналайын, Ақбұлақ Асыр салғам жағаңда Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба! |
|
с. Т.Молдағалиев
ә. Ә.Бейсеуов Балалық, қызық дәурен қайда қашқан Төбеде тұрып еді жайнап аспан Жұлдызды таң атқанша санаушы едік Санына жетпейміз деп ойламастан Армандай бала құрбым Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің Қайда кеттің, қайдасың Қайда кеттің, қайдасың Шаттығым менің, ақ гүлім менің Сағындым сені мен Ерке едің, еркелеген бұлбұлым ең Талай ән көкірегімнен, тудырып ең Ойлаппыз бірге жүре береміз деп Қоштасам демеппін-ау бір күні мен Армандай бала құрбым Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің Қайда кеттің, қайдасың Қайда кеттің, қайдасың Шаттығым менің, ақ гүлім менің Сағындым сені мен Құспысың, абайсызда қолдан ұшқан Хаттарың келетұғын болды алыстан Жеткендей құлағыма сенің даусың Оянып кетем ылғи сол дауыстан! Армандай бала құрбым Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің Қайда кеттің, қайдасың Қайда кеттің, қайдасың Шаттығым менің, ақ гүлім менің Сағындым сені мен |