Ислам діні! - Қазақша форум! Өте көп қызықты тақырыптар!
Жексенбі, 20.05.2012, 18:41
Ас Салам, Қонақ
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Қазақша форум! Өте көп қызықты тақырыптар! » Қоғам » Дін бөлімі » Ислам діні! (Жақсы тақырып)
Ислам діні!
aral Offline Дата: Сәрсенбі, 21.07.2010, 16:05 | Сообщение # 1
Лейтенант
Сообщений: 48
Репутация: 0
Ислам діні туралы не айталасыңдар!
uska88 Offline Дата: Сәрсенбі, 21.07.2010, 21:24 | Сообщение # 2
Рядовой
Сообщений: 1
Репутация: 0
кай маскап дурыс бауырлар

<SMILE>id=413 alt=':Ок!:'</SMILE>
Adik-Production Offline Дата: Бейсенбі, 22.07.2010, 19:08 | Сообщение # 3
Рядовой
Сообщений: 99
Репутация: 0
Ислам діні

Ислам (арабтың - Аллаға мойынсұну, бағыныштық) біздің заманымыздың VII ғасырының басында Аравия түбегінде пайда болды. Ол жер шарының барынша көп тараған діндерінің қатарына жатады. Исламды 1,2 миллиардтан астам адам уағыздайды. Мұсылман қоғамдастығы 120 елден астам жерде бар. Египет, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Аравиясы, Пәкістан және тағы басқа сол сияқты 28 елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған. ХХ ғасырда мұсылмандар саны 7 есеге артты.

Исламның туындауы әлемдік діндер қалыптасуының жалпы заңдылықтарына бағынады. Исламның негізін қалаушы нақты тарихи тұлға - Мұхаммед пайғамбар (570-632жж) болып табылады.

Исламның басты қасиетті кітабы - Құран (арабша - қатты оқу, желдірме, тақпақ) болып табылады, онда «Құдай хатымдары» түрінде айтылған Мұхаммед уағыздары белгіленген.

Құраннан кейін Ислам дінінің екінші көзі Сүннет (исламның қасиетті хикаялары, дәстүрлері, мысалы) - Мұхаммед пайғамбардың әрекеттері мен сөздері әңгіме түрінде (хадис) берілген. Қазіргі уақытта Халиф Алтайдың аудармасымен қазақ тілінде хадистердің қысқаша жинағы шыққан.

Құран мен Сүннет негізінде Исламның «Бес парызы» бекітілген:
1. Алла мен Мұхаммед пайғамбардың ерекшелігін тану (тәупих);
2. Күнделікті бес парыз намаз (сәждеге бас қою);
3. Садақа (зекет) беру;
4. Жыл сайын ораза ұстау;
5. Меккеге (қажылыққа) бару «жол таба білген адамға».

Басқа дінде сияқты исламның табыну жүйесінде діни мерекелерге ерекше рөл бөлінеді, олардың ішінде Ораза-айт, Құрбан-айт, Мәуліт, Миғраж ерекше мәнге ие.

Сенім негізі Аллаға құлшылық ету, оның жалғыздығына шек келтірмеу. Ислам үшін адамның бүкіл өмірін туғаннан өлгенге дейін нормативтік реттеу тән. Бұл реттеу Шариғат көмегімен - заңды және адамгершілік нормалары, мұсылман қарекетінің адамгершілік қағидаттары жиынтығымен жүзеге асырылады.

Исламда негізгі екі бағыт бар: сүннеттер мен шииттер.

Суннизм шиизмге қарағанда Алла мен адамдар арасында Мұхаммед өлімінен кейін делдалдық мүмкіндігін танымайды, Әлидің (төрт халифтің соңғысы) ерекше табиғаты мен оның үрім-бұтағының имаматқа ерекше құқығын (қоғамды басқару) танымайды.

Исламда шииттер бағыты Мұхаммед пайғамбардың жалғыз иегері төртінші «әділ халиф» Әли мен оның ұрпақтарын танитын мұсылмандарды біріктіреді. Шиизм (арабша «шиа» - топ, партия), Ислам сияқты өзімен тұтасымен жалғыз біріккен жүйені білдірмейді, ол бірнеше секталар мен бағыттарға бөлінген.


WWWW.KAZMINUS.UCOZ.COM
zhansulu7 Offline Дата: Жұма, 23.07.2010, 18:05 | Сообщение # 4
Рядовой
Сообщений: 10
Репутация: 0
Келешекте букіл әлемді Ислам билейді деп ойлаймын!!!
rosita Offline Дата: Жұма, 30.07.2010, 15:00 | Сообщение # 5
Рядовой
Сообщений: 1
Репутация: 0
Ислам діні күн сияқты үрлегенмен өшпейді
Күндіз сияқты көз жұмғанмен қараңғы болмайды
Көзін жұмған тек өзіне қараңғы етеді (Бәдиүззаман Сайд Нұрси)[/b]

Бисмиллах- әр қайырлы істің басы
Adik-Production Offline Дата: Жұма, 30.07.2010, 18:33 | Сообщение # 6
Рядовой
Сообщений: 99
Репутация: 0
Ислам діні, имандылық дәрістері
Дәрет алу тәртібі

· Дәрет ниеттену және «Бисмиллаһ» деумен басталады.
· Екі қол білекке дейін жуылады.
· Оң қолмен ауызға үш рет су алынып, шайылады.
· Мұрынға үш рет оң қолмен су алынып, сол қолмен сіңбіріледі.
· Бет үш рет толық жуылады.
· Әуелі сол қолмен оң білек, кейін оң қолмен сол білек шынтақтарымен қоса жуылады.
· Сулы қолмен бастың төрттен бірі, құлақтың іші сырты, мойын сипаланады, яғни, мәсіх тартылады
· Алдымен оң, кейін сол аяқ тобығымен қоса жуылады.
Дәреттің парыздары

Дәреттің парызы төртеу:
1. Бетті екі құлақ арасымен, маңдай шаштың шетінен иек астына дейін жуу.
2. Шынтақтармен бірге екі қолды жуу.
3. Бастың төрттен бірін сулы қолмен сипау (мәсих тарту).
4. Екі аяқты тобықпен қоса жуу.

Дәреттің сүннеттері

1. Дәрет алуға ниет ету.
2. «Бисмиллаһ» деп Аллаһ Тағаланы зікір ету.
3. Екі қолды білекке дейін жуу.
4. Мисуәк қолдану.
5. Ауызды үш рет шаю.
6. Мұрынды үш рет шаю.
7. Қастың, мұрттың түбіне су жеткізу.
8. Қалың сақалды араластырып жуу.
9. Қол, аяқ саусақтарын салалап, бәріне су тигізу.
10. Бастың барлығын су қолмен сипау.
11. Әр мүшені үш рет жуу.
12. Басқа масих тартқаннан кейін, құлақтың іші сыртын сулы қолмен сипау.
13. Мүшелерді тәртіп бойынша жуу.
14. Мүшелерді оңнан бастап жуу.


WWWW.KAZMINUS.UCOZ.COM
abilmansur_kazakh Offline Дата: Сенбі, 31.07.2010, 00:37 | Сообщение # 7
Генерал-полковник
Сообщений: 928
Репутация: -16
adik рахмет

ӨМІРҒОЙ НЕСІНЕ ТАҢ ҚАЛАСЫН!!!!!!
salim Offline Дата: Сәрсенбі, 15.02.2012, 06:57 | Сообщение # 8
Рядовой
Сообщений: 4
Репутация: 0
islam dini keremet din. adamdar zhureginin tubindegi en zhaksy kasietterdi syrtka shygarady. ozine tilegendi ozgege de tile dep aitylgan sozge bola bilsek bolady.
Kulsalim Offline Дата: Бейсенбі, 22.03.2012, 11:00 | Сообщение # 9
Рядовой
Сообщений: 2
Репутация: 0
Достар! мына сайттан ата-бабамыздын Ислам дини жайлы айткан создерин табуга, типти багдарлама коруге болады екен, http://asylarna.kz/kaz_index.php?au=rDMHinE4BAEPHdtuF2H
Қазақша форум! Өте көп қызықты тақырыптар! » Қоғам » Дін бөлімі » Ислам діні! (Жақсы тақырып)
Страница 1 из 11
Поиск: