Бейбітке жала жабылған жоқ па? - 1 Декабря 2010 - Қазақша әндер! Өлеңдер! Жаңа Қазақша Әндер, ән сөздері!
Жексенбі, 20.05.2012, 19:16
Ас Салам, Қонақ
Главная » 2010 » Желтоқсан » 1 » Бейбітке жала жабылған жоқ па?
17:19
Бейбітке жала жабылған жоқ па?

Бізге белгілі болғаны, өнер иесі сол күні қайынбикесімен бірге Атыраудан Алматыға ұшып келе жатқан. Ұшақ бортында қасында отырған қоян-қолтық жекпе-жектен спорт шеберлігіне үміткер Айдар Дәуітов оған «ұялы телефоныңды сөндіріп қой» деп ескертпе жасайды. Бейбіт арнайы режимге көшіргенін айтады. Соған қарамастан, көршісі «мен саған айттым ғой, өшір деп» деп жол бойы түртпектеуін қоймайды. Бейбіт килікпей жайына отыруын сұрайды. Бұған шамданып қалған спортшы сыртқа шыққан соң сөйлесетінін жеткізеді. Үлкен кісінің көзінше кикілжіңге ұрынғанына әнші де намыстанады. Сөйтіп, аман-есен Алматы әуежайына табан тіреген соң әлгіге «жаңа сөйлесемін деп едің ғой» дейді. Оның да күткені осы сөз болса керек, бірден жұдырық ала жүгіреді. Әнші өзіне төніп келе жатқан еңгезердей жігіттің екі қолын ұстап үлгереді. Сол кезде қоян-қолтық жекпе-жекке түсіп үйреніп қалған Айдар Дәуітов баспен ұрмақ болады. Алайда Бейбіт ертеңгі телевизиялық түсірілімді ойлап, бетін қорғаштап, дер кезінде басын тартып қалғандықтан, қарсыласының бұл ойы іске аспайды. Осы уақытта Бейбітті таныса керек, бірнеше жігіт келіп, араша сұрап, Айдарды аулаққа алып кетеді. Оның «Жігіт болсаң, бірге-бір шық» деген айғайын елемей әнші қайынбикесімен өз жөніне кетеді. Олардың арасында әрі қарай не болғанынан хабары жоқ.

- Жігіттердің кім екенін жыға танымадым. Мүмкін, тойда кездескен кісілер шығар. Бірге еріп келе жатқан жолдастарым емес. Олар ажыратып алмағанда оның орнында ауруханада мен жататын едім. Бір Алла сақтаған шығар. Болған жағдай үшін әке-шешесінен, бала-шағасынан кешірім өтінемін. Бірақ мен оны ұрған жоқпын. Сондықтан өзінен кешірім сұрамаймын. Кемшілігімізді бір Алла кешірсін. Әдейі көзделген, ұйымдастырылған дүние де болуы мүмкін ғой?! Менің халықтың алдында қасықтап жиған абыройымды, шелектеп төккісі келетін шығар? Мені қаралаған адамның алдына барып, аяғына жығылмаймын. Өзі келемін десе, сөйлесуге дайынмын, - дейді Бейбіт Қорған.

Интернеттегі ақпараттарға қайта оралсақ, «КТК» арнасының тілшілері «Редакциямызға 32 жастағы алматылық азамат шағымданып келді. Айдар Дәуітовтың айтуынша, Атыраудан Алматыға қатынайтын ұшақтан түскен оны әнші Бейбіт Қорған мен оның достары соққыға жыққан» дейді. Ал Айдар Дәуітов ешқайда бармағанын, аурухана түгілі, палатадан шықпағанына үшінші аптаға айналып бара жатқанын көлденең тартады. Сондай-ақ жағдайының жақсара бастағанын, көзінің суқараңғы болып қалды деуге келмейтінін, толықтай болмаса да бір кісідей көретінін, жараларының жазылып келе жатқанын тілге тиек етті. Орыстілді әріптестеріміз де мәселенің байыбына бармай, отқа май құя түсуге біраз әрекеттенген тәрізді. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей, кикілжің екеуінің арасында болғандықтан, Бейбіт ұрмаса да, қорғанғаны үшін қара тізімге ілініп отыр.

«Бес-алты адам маған жабылып, мені темірмен ұрды. Ешкімді кешірмеймін. Ондай бұзақылар түрмеде отыруы тиіс. Көзімнің қарашығы зақымданған. Тамырлары қанталап тұрғандықтан, әзірге операция жасайтыны, жасамайтыны белгісіз» деген науқас алған бетінен қайтпауға нық бекінген.

Біздің түсінбегеніміз, тепсе темір үзетін жігіттің «жәбірлендім» деп жұртты шулатудағы мақсаты не? Қасында отырғанда ел мақтаған, қыз жақтаған өнерлі жігітті танымай, кім екенін таяқ жеген соң қалай есіне түсірді? Жағдайды өзі ушықтырмаса, Бейбіт ұрынарға қара таппай жүрген азамат емес қой. Өзін моп-момақан көрсетіп, неге монтайсып жатыр? Оның үстіне, тиісті орындар әуежай алдындағы камералардың таспасын кері айналдырғанда, айтарлықтай басбұзарлық көрініс байқай қоймапты. Бұл істің әрі қарай немен шешілетінін құзырлы органдар анықтай жатар. Әйтеуір титтейінен талантымен талайларды тамсандырған, «Жас қанат» байқауында бас жүлдені жеңіп алған, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, дарынды әнші әділетсіздіктің құрбанына айналып кетпесе екен дейміз.
Категория: бейнеқұжат | Просмотров: 1572 | Добавил: Adik-Production | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 181 2 »
0  
18 erlan_89   (13.04.2011 00:27)
касакана жасалган окига - мойыма жерлес Баке тек алга

0  
17 Yasin   (26.01.2011 19:45)
Бейбіт, біз сенімен біргеміз

0  
16 janymka_95   (17.01.2011 22:58)
Бейбіт агамыз ондай емес кой, бұл жай журналисттердін шығарғаны ғой angry angry angry

0  
15 gul_nur_91   (14.01.2011 15:37)
отитик angry

0  
14 nurik_s   (19.12.2010 19:20)
жо-жок Бейбит ага ондай емес,Мен оны арине колдаймын,

0  
12 ardak_1994-94   (16.12.2010 01:52)
Бейбит ондай емес cry

0  
11 ZHAKONTAY   (13.12.2010 23:51)
мүмкін сол боксер агай біздің Бейбіт арқылы пайда тапқысы келді ме кім біледі??? немесе басқа да бір ойлары болған болар... suspect

0  
10 MuratAskar   (10.12.2010 17:13)
дұрыс айтады angry

+2  
9 sara0101   (09.12.2010 16:30)
"иіт үреді,керуен жүреді" Бейбіт біз сені қолдаймыз, "Алла аққа жақ" бәрін Алла бір өзі көріп тұр, саған сайлаған қастықтарына өздері күйсін, өздері түссін сүмрайлар! angry

0  
8 sara0101   (09.12.2010 16:29)
"иіт үреді,керуен жүреді" Бейбіт біз сені қолдаймыз, "Алла аққа жақ" бәрін Алла бір өзі көріп тұр, саған сайлаған қастықтарына өздері күйсін, өздері түссін сүмрайлар! angry

1-10 11-16
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]